Шымкентте банкоматтар қарулы күзеттердің көмегімен толтырылып жатыр

0
456

Аталған автоэкипаждарда автомат қаруымен қамтамасыз етілген екі қызметкер инкассаторларды таңғы сағат 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейін күзетіп, қызмет атқаруда.


Шымкентте банкоматтар қарулы күзеттердің көмегімен толтырылып жатыр

Шымкентте полицияның қарулы күзетімен банкоматтар толтырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін еліміздің аумағында төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Осыған орай, Шымкент қаласы аумағында орналасқан “Қазпошта” АҚ-ның және екінші дәрежелі “Halyq”, “Nurbank”, “Альфа-банк”, “Kaspi”, “Jusan” банктерінің банкоматтарын толтыру кезінде инкассаторлардың және олардың қызметтік автокөлігінің қауіпсіздігін полицейлер қамтамасыз етуде.


Бұл жұмысқа Шымкент қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкінің 30 арнайы автоэкипажы жұмылдырылды. Аталған автоэкипаждарда автомат қаруымен қамтамасыз етілген екі қызметкер инкассаторларды таңғы сағат 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейін күзетіп, қызмет атқаруда.

Сонымен қатар, Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің арнайы автоэкипаж құрамы Жедел басқару орталығынан түскен шақыртулар бойынша қызмет атқаруда.