"Жастық шақтың аспаны": Шымкентте батпырауық фестивалі өтті

0
3 745

Балаларға тегін батпырауықтар мен балмұздақ таратылды.


Бүгін Шымкентте 200-ден аса батпырауық ұшырылып, қала аспаны түрлі-түске боялды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

19 маусым - Қала күніне орай Шымкентте алғаш рет "Жастық шақтың аспаны" батпырауық фестивалі өтті. Аталған фестиваль аясында қаланың 50 бүлдіршінге, сондай-ақ №3 және №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін батпырауықтар беріліп, балмұздақтар таратылды.

"Тәуелсіздік" саябағына жиналған 500-ге жуық бүлдіршіндер жаппай аспанға батпырауықтарды ұшырды. Мерекелік шараға театрландырылған қойылымдар қойылып, аниматорлар балалармен суретке түсіп балаларды қуанышқа бөлесе, зияткер жастар шахмат ойынынан сайысқа түсті.