Шымкентте базар сатушылары әкімдік алдына жиналды

0
495

Базар сыртында сауда жасап, көнкөрісін қамдап жатқанын айтқан саудагерлер заңсыздықты тоқтатпайтындығын алға тартты.


Шымкентте базар сатушылары әкімдік алдына жиналды

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігіне отызға жуық азамат «Қырғы базар» сыртында сауда жасауға рұқсат бермей жатыр деген шағыммен арызданып келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Базар сыртында сауда жасап, көнкөрісін қамдап жатқанын айтқан саудагерлер заңсыздықты тоқтатпайтындығын алға тартты.
Тұрғындармен қала әкімі Мұрат Әйтенов кездесіп, мәселелерін тыңдады. Қала әкімі ҚР Заңнамасына сәйкес сауда арнайы белгіленген орындарда жасалуы тиіс екенін айтты. Ретсіз (жайма) сауда орындарының көбеюі қаланың көркін бұзып, гигиеналық және санитарлық-эпидемиялық талаптардың бұзылуына әкеліп, тіпті адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екендігін түсіндірді. Мәселені оңтайлы шешу мақсатында азаматтарға бірнеше ұсыныс айтты.
- Біріншіден, Қырғы базардың ішінен әлеуметтік қатар ашылатынын, сол жерден 50 азаматқа орталық 6 ай мерзімге ақысыз орын беріледі. Жеңілдік ретінде жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын қарызға алып сату мүмкіндігін қарастырамыз. Бұл сіздерге айналым қаражатын көбейтуге жол ашады. Аралаңызда жұмысқа қабілетті азаматтарға білімі мен біліктілігіне сәйкес Шымкент қаласындағы ірі кәсіпорындардан тұрақты жұмыс орындарын ұсынамыз. Онымен қоса, сенбі-жексенбі күндері тұрақты түрде өтетін жәрмеңкеде сауда жасау мүмкіндігі беруді ұсынамыз, - деді.

Сонымен қоса, мәселені әлі де жан-жақты қарап, заң аясында шешілетінін жеткізді.