​Шымкентте бейіт үстінде салына бастаған жолдың құрылысы тоқтады

0
447

Мамандардың сөзінше, бұл жерде Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың да сүйегі болуы мүмкін.


​Шымкентте бейіт үстінде салына бастаған жолдың құрылысы тоқтады

Фото: видеодан скриншот

Шымкенттегі Қайтпас елді мекенінде саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың қорымы үстінен салына бастаған жол құрылысы тоқтатылды. Әкімдік қолға алынған жобаға өзгеріс енгізбек, деп хабарлайды ERNUR.KZ. 31 арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Әзірге жаңа жол қай жер арқылы өтетіні белгісіз. Ал репрессия құрбандарын зерттеуші мамандар бұл өңірде 7 мыңнан астам азамат саяси қуғын-сүргінге ұшыраса, тура осы Албастысайда соның 2 мыңнан астамы атылған деген дерек айтып отыр. Құрбан болғандар арасында Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың да сүйегі болуы мүмкін.

"Бұл жерде арнайы комиссия құрылуы керек деп есептеймін. Ол комиссия археологтар мен антропологтардан тұруы керек. Археологтар осы жердің қыр-сырын, топырақтың астындағы дүниені зрттесе, антрополог мамандар сүйекті зерттейді. Бұл жердің барлығы қорым болуы мүмкін. Сондықтан бір жақты қарамай, мамандарға сүйеніп, зерттеу керек", – дейді Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева.

Еске сала кетейік, осыдан алдын жол құрылысы астынан саяси қуғын-сүргін құрбандарының сүйектері табылғанын хабарлаған болатынбыз.