Барлығы Шымкент қалалық токсикологиялық орталыққа жеткізілген.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында бір пәтерде тұратын бесшет елдік студент қыз газдан уланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Атап айтсақ, көрші Өзбекстан республикасынан келген бес қыз да Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде білім алады және барлығы бірге Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен пәтер жалдап тұрады екен.
Уланған студент қыздар газға тамақ дайындап болып ұйықтап қалған, алайда газ тетігі дұрыс жабылмай қалған көрінеді. Соның нәтижесінде, бесеуі де ұйқыда жатқан кезде уланып, иіс тиген бес қыз да қалалық токсикологиялық орталыққа жеткізілген.
«Газға уланып қалған бес науқас орталыққа жеткізіле сала бір сеанс барокамерада ем қабылдады. Қазір барлығының жағдайы бірқалыпты. Палатада ем шараларын қабылдап жатыр», - дейді Шымкент қалалық гипербариялық окисигенациялықтың бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.