Қала көлемінде биылдың өзінде 18 500 орындық 18 мектеп пайдалануға тапсырылуда.
Шымкент қаласының мектептерінде бүгін алғашқы қоңырау соғылды. Іргелі білім ордасы Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында білім күніне орай салтанатты жиын өтті. Жаңа оқу жылында мектепке 250 бала 1-ші сыныпқа қабылданды. Оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.
– Жаңа оқу жылында Шымкентте 28 мыңнан астам оқушы 1-сынып табылдырығын аттап отыр. Қаладағы ең озық білім ордаларының бірі №65 мектеп-гимназия ұжымы оқу жылын жаңа ғимаратпен бастады. Биыл мектеп бітірушілер жоғары жетістіктерге жетті. ҰБТ қорытындысы бойынша түлектердің 85 пайызы мемлекеттік грантқа ие болды. Жалпы білім саласында жаңа мектептердің пайдалануға берілуі, білім сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту, қауіпсіздікті күшейтуде көптеген жұмыстар атқарылды. Енді оқушылар тек қана білімге ұмтылуы тиіс, – деді Жанат Арысбекқызы.
Дереккөз: «Шымкент келбеті»