Шымкентте «BIRGE» жалпыұлттық акциясы бастау алды

0
2 120

Шымкентте «BIRGE» жалпыұлттық акциясы басталды.


Шымкентте «BIRGE» жалпыұлттық акциясы бастау алды

Шымкент қаласында «Nur Otan» партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабының ұйымдастыруымен «BIRGE» жалпыұлттық акциясы бастау алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«BIRGE» жалпыұлттық акциясы Президенттікке үміткердің сайлауалды бағдарламасын қалыптастыруға азаматтардың тікелей қатыстыруға бағытталып отыр.

Акция кезінде Шымкент қалалық штаб жетекшісі, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Мәдәліұлы шараның негізгі мақсаты мен міндеттері туралы мәлімдеп, қала тұрғындарын акцияға белсенді қатысуға шақырды.

"Шараның мақсаты - тұрғындардың пікірін, ұсыныстары мен ескертпелерін кандидатқа жеткізу. Жалпы сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік бар. Жинақталған пікірлер республикалық штабқа жеткізіледі. Жастарды, көпшілік тұрғындарды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамын", - деді Бахадыр Нарымбетов.

Сонедай-ақ, акция 2019 жылғы 13 мамырдан 7 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Президентін сайлау бойынша «Nur Otan» партиясының электоралды науқанының үгіт-насихат кезеңі шеңберінде өтіп жатқанын айта кеткен жөн.