Шымкентте биыл 6 елдімекен сапалы электрмен қамтылады

0
686

2023-2025 жылдары 6 қосалқы станцияның құрылысы жоспарланып отыр.


Шымкентте биыл 6 елдімекен сапалы электрмен қамтылады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде елді мекендердерді сапалы электр қуатымен қамту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазір қаладағы елді мекендердің 73-і сапалы электр қуатымен қамтылса, 8-і жекеменшік жүйеден жарық алады.
Өткен жылы шаһарда «Бозарық»220 КВ мен «1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылды.
Биылғы жоспар бойынша «Ақжар»110КВ қосалқы іске қосылып, Достық-2, Батыс, Тұран, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік жүйедегі электр жарығына қол жеткізеді.
Ал, 2023 жылы Қайнарбұлақ пен Солтүстік саяжайдың желі құрылысы аяқталып, пайдалануға берледі.
Қала халқының өсіміне қарай сапалы электр қуатымен қамту үшін 2023-2025 жылдары 6 қосалқы станцияның құрылысы жоспарланып отыр.