Шымкентте биылғы жылы 80-ге жуық көшеге асфальт төселеді

0
603

41 көшеге шағал тас төселеді.


Шымкентте биылғы жылы 80-ге жуық көшеге асфальт төселеді

Биыл Шымкент қаласы Қаратау ауданында 50 шақырымды құрайтын 74 көшеге асфальт төселеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымнан тұратын 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальттанған көше болса, 233 шақырымын шағал тас, 33 шақырымын топырақ көшелер құрайды.
2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 74 көше асфальттау жоспарланған. 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады.
Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Биыл Шымкентте жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2%-ға жеткізу жоспарлануда.

Одан бөлек, Шымкент қаласында көшелерді жарықтандыру жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында бірінші кезекте орталық көшелер жарықтандырылған. Ал, шағын аудандар мен тұрғын алаптарда мектеп, балабақша, емхана, аурухана немесе өзге де әлеуметтік нысандар орналасқан және тұрғындар көп жүретін көшелерге басымдық берілуде.

Айта кетейік, Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Бұл жолдардың асфальт үлесімен 63,6% пайызды құрайды. Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер. 2022 жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, 2023 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Бұл көрсеткішті 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.