​Шымкентте «бизнес жоспары» іске аспай қалған алаяқ сотталды

0
803

Жас жігіт жергілікті тұрғындарға 15 миллион теңге материалдық шығын келтірген.


​Шымкентте «бизнес жоспары» іске аспай қалған алаяқ сотталды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының полицейлері астаналық алаяққа қатысты істі соңына дейін жеткізді.


Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында скутерлерді жалға алып, оны келесі адамға сатумен айналысқан күдіктіні ұстады.
Жас жігіт жергілікті тұрғындарға 15 миллион теңге материалдық шығын келтірген.

Тергеу барысында , қаскүнем жеке бас пайдасы үшін қылмыстық ойын іске асыру мақсатында Шымкентке әдейі келгені белгілі болды. Ол интернеттегі жарнама берушілерге шығып, көлік құралдарын ұзақ мерзімге жалға алуға келіскен. Бастапқыда 1-2 айдың ақысын төлеп, мүлікті алып кеткен соң «ізін суытқан».

Полицейлер аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғап, жинақталған айғақтар мен іс-құжаттарды сотқа жолдады. Нәтижесінде, жігіт кінәлі деп танылып, сот оны 4 жылға бас бостандығынан айырды.
Алаяқ жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.