Шымкентте болатын сайлауға үміткерлер ұсынылды

0
1 885

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясында бірқатар мәселелер қаралды. Сессия жиынына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.


Шымкентте болатын сайлауға үміткерлер ұсынылды

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күн тәртібіндегі Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясын, Шымкент қаласының аудандық аумақтық сайлау комиссияларын және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы мәселе бойынша Шымкент қаласы мәслихаты уақытша комиссиясының төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы мәселе мәслихаттың комиссияларының бірлескен отырысында, «Нұр Отан» партиясы мәслихаттағы фракциясының мәжілісінде де егжей-тегжей талқыланған. Аумақтық сайлау комиссиясына 4 саяси партия, 3 қоғамдық бірлестіктің ұсынысы бойынша 7 үміткер ұсынылып отыр.

Төрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясына төрт саяси партия және үш қоғамдық бірлестіктің ұсынысы бойынша 28 үміткер ұсынылды. Ал учаскелік сайлау комиссияларын сайлау бойынша төрт саяси партия және жеті қоғамдық бірлестіктің ұсынысымен 2360 үміткер ұсынылып отыр. Бұл өзгерістердің бәрі де депутаттар тарапынан бірауыздан мақұлданды.


Сондай-ақ, Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» №41/329-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесін де депутаттар бірауыздан қолдады.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі