Шымкентте дәстүрлі «Офарин» фестивалі өтті

0
1 541

Шараға шымкенттік өнерпаздармен қатар көршілес Өзбекстан Республикасынан танымал әншілер қатысты.


Шымкентте дәстүрлі «Офарин» фестивалі өтті

Кеше Шымкентте қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің ұйытқы болуымен дәстүрлі «Офарин-2019» өнер фестивалі өтті. Шымқалада 1992 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан мәдени іс-шара биыл Қазақстандағы Жастар жылына арналды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келе жатқан айтулы шараға бұл жолы шымкенттік өнерпаздармен қатар көршілес Өзбекстан Республикасынан танымал әншілер қатысты.

Фестивалге қатысушылар ел бірлігі, достық, махаббат тақырыптарында ән шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Іс-шараның ашылуында Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов құттықтау сөз сөйлеп, дәстүрлі шараның мән-маңызына кеңінен тоқталды.

- Шымкентте өткен жылы жаңадан құрылып, жұмысын бастаған өзбек этномәдени бірлестігі осындай игі шараларға үнемі ұйытқы болып, өнерге құштар таланттарға тұрақты қолдау көрсетуде. Биылғы «Жастар жылы» аясында өткізіліп отырған бүгінгі фестиваль тасада жүрген талайт аланттарды танытуға сүбелі үлес қосумен қатар, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал етеді деген сенімдеміз, - деді Ербол Байқонақов.

Ал өз сөзінде Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов елімізде өмір сүріп жатқан барша этностардың тілі мен мәдениетінің сақталуына мүмкіндік жасалғанын айтып, барша қазақстандықтарға береке-бірлік тіледі.

Фестивальдің барлық қатысушыларына қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаты және арнайы статуэтка табыс етіледі.