Халық санағы дәстүрлі түрде интервьюерлердің көмегімен 1-30 қазан аралығында өткізіледі.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев және Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Сырым Мәдиевпен бірге «Оқушылар сарайында» құрылған №6 нұсқаушылық учаскенің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ұлттық санаққа дайындық жұмыстары кезінде Әл-Фараби ауданындағы нысандарды толық қамту мақсатында 28 учаскеге бөлінген болатын. Бүгінде ұстаздар, орам басқарушылары және ерікті жастардан құралған топта 1 айға созылатын ақысы төленетін 192 интервьюер санақ жұмыстарын бастады.
1 қыркүйекте басталған онлайн режимдегі санақ жұмыстары 15 қазанға дейінгі аралықта https://sanaq.gov.kz/ сайтында жалғасады. Ал дәстүрлі түрде интервьюерлердің көмегімен 1-30 қазан аралығында өткізіледі. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлер үй аралау кезінде электронды планшет қолданады.