Шымкентте «Дені саудың - жаны сау» жәрмеңкесі басталды

0
2 936

Жәрмеңке 26 ақпанға дейін жалғасады.


Шымкентте «Дені саудың - жаны сау» жәрмеңкесі басталды

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Дені саудың - жаны сау» көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жәрмеңкеде мегаполиспен қатар өзге өңірлердің шипажайлары мен емдік сауықтыру орталықтары, отандық емдік және косметикалық компаниялары да қатысуда. Олардың қатарында «Ару ана» сүт өнімдері, «Көктерек», «Сайрам», «Салма-Караван» шипажайлары, «Айсәуле» отандық табиғи косметикасы, «Атоми», «Вивасан», Нуга бест» компаниялары, «Зерде-Фито» ЖШС, «Мой фильтр» суға арналған сүзгілерді өндірушілер бар.

Шетелдіктердің өнімдерінен кем түспейтін отандық өнімдер нарықтағы бағадан төмен бағада саудаланып жатыр.

- Қазіргідей уақытта дертке дауа, жанға шипа болатын отандық өнімдерді таныстыру, салауатты өмірді насихаттаудың маңызы зор. Көрме-жәрмеңкеде келушілерді отандық өнімдермен, шипажайлардың және сауықтыру орталықтарының жұмысымен таныстырып жатырмыз,- деді жазушы, Мәдениет қайраткері Күлия Айдарбекова. Айта кетейік, жәрмеңке 26 ақпанға дейін жалғасады.