Шымкентте ел тыныштығы үшін дұға жасалды

0
1 730

Қала бойынша 106 мешіттегі имамдар, қари-хафыздар үздіксіз Құран оқып, 30 рет Құран хатым етіп, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға-тілек жасауда.


Шымкентте ел тыныштығы үшін дұға жасалды

Шымкентте ел тыныштығы үшін дұға жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Шымкент орталық мешітінде әлемде дүрбелең тудырған СOVID-19 жұқпалы індетіне қатысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жасаған үндеуін жүзеге асыру мақсатында өңірдегі мешіттерде Құран хатым етіліп, халқымыздың амандығы мен елдің тыныштығы үшін дұға жасалды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев, Қайрат Ерғазиев, Ахметжан Керімбек, Жансейт, Кәлімжан қары Садықов, Мұхамеджан Естеміров және Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының бас имамдары мен басқа да белгілі ұстаздар қатысты.

Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша 106 мешіттегі имамдар, қари-хафыздар үздіксіз Құран оқып, 30 рет Құран хатым етіп, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға-тілек жасауда.