Шымкентте ерлік жасаған полицейдің жақындарына құрмет көрсетілді

0
1 512

Халықтың тыныштығын күзетіп, сол жолда қаза болған, ерлігі ұмытылмайтын батыл полицейлеріміз қашанда құрметке лайық.


Шымкентте ерлік жасаған полицейдің жақындарына құрмет көрсетілді

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасымен Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі А.Заппаров, Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Әмзеев қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Нұраш Пернебекұлының жақындарына құрмет көрсетіп, хал-жағдайын сұрап, атаулы қаржылай сыйлығын табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Байтіленов Нұраш Пернебекұлы 1959 жылы 16 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленин ауданы, Алтынтөбе ауылында дүниеге келген.
1989 жылдың қаңтар айында Шымкент қаласындағы Абай аудандық ішкі істер басқармасында тергеуші, анықтаушы инспектор болып қызметке қабылданады.
1996 жылдың 6 наурызында таңғы 5:00 шамасында Шымкент қаласында шұғыл-тергеу тобымен қылмыскердің ізіне түсіп, қылмыскермен алысу барысында Н.Байтіленовті қылмыскер өтіп бара жатқан поездың астына итеріп жіберген. Соның салдарынан Н.Байтіленов қаза болады. Бірақ ол өзінің қызметтік міндетін соңына дейін абыроймен, ерлікпен атқарып кетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
А.Заппаров батыл азаматтарды тәрбиелеп, олардың бойына Отанына деген сүйіспеншілікті сіңіре білген туған-туыс, жақындарына алғысын білдірді.