Шымкентте "ESTATE Ломбард" ЖШС филиалының директоры ұсталды

0
911

«Гарант 24» ЖШС филиалының директорын ұстау үшін барлық қажетті шаралар жасалынуда.


 Шымкентте

Алданған инвесторлардың ұжымдық мәлімдемесінен кейін Шымкент ҚІІБ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігімен «ESTATE Ломбард» ЖШС және «Гарант 24» ЖШС-ге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспаөз қызметі мәлімдеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ESTATE Ломбард» ЖШС-нің директоры ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта «Гарант 24» ЖШС филиалының директорын ұстау үшін барлық қажетті шаралар жасалынуда.