Шымкентте ет бағасы қымбаттады

0
3 723

Шымкенттің базарларында ет бағасы көтерілді.


Шымкентте ет бағасы қымбаттады

Ет өндіру бағытында алдығы қатарда келе жатқан өңірлерде ет бағасы шарықтап тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оңтүстік өңірінің басым көпшілігі ауылшаруашылығымен айналысады. Солардың бірі мал шаруашылығы. Өңір шаруалары мал өсіру, бордақылауды жолға қойып басты кәсіп жолына айналдырып алған.

Оңтүстіктің шөбі құнарлы болғандықтан еті де өзге өңірлерге қарағанда дәмдірек келеді. Сол себептен де Шымкент қаласы, Түркістан облысында мал еті, әсіресе, ірі қаралары мен жылқы еттері сұранысқа ие болып отыр.

Қазіргі таңда базар сөрелерінде еттің бағасы 100-150 теңге арасында көтеріліп отыр. Базар саудагерлерінің айтуынша, оның себебі еттің басым бөлігі жақын-алыс шетелдерге экспортталуда. Салдарынан өзіміздің өңірге еттің жетіспеушілігінен бағасы осылайша көтеріліп отырғандығын айтады.


Сиыр еті 1650-1700 теңге


Қой еті 1700-1800 теңге


Жылқы еті 1900-2000 теңге


Бүгінгі таңда ет экспортқа шығару бойынша мемлекет осы салаға ден қойып, оның көлемін арттыру бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.

Естеріңізде болса, өткен жылы Түркістан облысы 9600 тонна ет Өзбекстан, Ресей, Иран, БАӘ елдеріне экспорттап, республикадағы үлесі 54 пайызға жетіп 1-орынды иеленген болатын.

Міне, экспортқа шығарылған еттің көлемінің артуынан өзіміздің азаматтарымыз қалтадан қағылып жатыр.