Шымкентте газға қатысты сақтық шаралары күшейтілді

0
505

Мобильді топ тұрғындар арасында үгіт-насихат түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаднамалар таратты.


Шымкентте газға қатысты сақтық шаралары күшейтілді

Шымкент қаласында жауапты мекемелер қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың тапсырмасы негізінде, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізуде.
Қала аумағындағы тұрғындарды жаппай қамту мақсатында, газ техникалық инспекция бөлімі және аудан әкімдіктерімен бірлесе қоғамдық бірлестіктер және 24 жас ерікті тартылды. Мобильді топ тұрғындар арасында үгіт-насихат түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаднамалар таратты.
Аталған іс-шара жұмыстарын жүргізуге белсінділік танытқан жас еріктілерді Басқарма басшысы алғыс хатпен марапаттады.
Айта кетейік, қала бойынша орталық газ жүйесіне қосылған - 192 780 абонент бар.