Алдағы уақытта дүкендер санын 25-ке жеткізу жоспарланып отыр.
Шымкент қаласы «Қатын көпір» шағын ауданында «GraMad» сауда желісінің 20-шы нүктесі іске қосылып, 20 мыңға жуық халық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде «GraMad» сауда желісінің қаламызда 19 нысаны жұмыс жасаса, халықтың тығыз орналасқан аймағы «Қатын көпір» шағын ауданында 20-шы нүктесі іске қосылды.
Жалпы алаңы 400 шаршы метрді құрайтын бұл жобаға жалпы 80 миллион теңге жеке инвестиция құйылып, 20 адам жұмыспен қамтылды.
Сонымен қоса, Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе «GraMad» сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бағдарламасының қатысушысы.
Алдағы уақытта дүкендер санын 25-ке жеткізу жоспарланып отыр.