«Асар» шағынауданынан 100 отбасы жұмыспен қамтылады.
Шымкент қаласы аумағында абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында жылыжай кешендерінде біржылдық және көп жылдық гүл көшеттерін өсіруді қолға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Талдау жұмыстарына сәйкес, шаһарға 1,6 млн. дана гүл егілу қажет. Осы мақсатта «ASAR AGRO» кооперативі, «Жасыл-Жер» ЖШС және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл мақсатта «Форвардтық» сатып алу да келісілді.
Жоба аясында қала аумағындағы агроқалашық болып саналатын «Асар» шағынауданынан 100 отбасы жұмыспен қамтылады.
Асар шағынауданы бүгінде жылыжай өндірісіне маманданған. Ендігі ретте бұл аумақтағы жылыжай кешендерінде гүл өсіруді дамытып, жаңа саланы игеруге мүмкіндік туып тұр.
Жалпы гүл өсірудің пайдасы көп, табысты сала. Шымкентте жаңа саланы дамытып, гүл экспортын дамытуға мүмкіндік жетеді. Бұл салада бәсекелестік артып отыр. Соған байланысты салық көлемі де ұлғаяды деп жоспарланған.
Мәселен, Нидерланд елі гүл сату бизнесінен жылына 6 млрд-тан астам еуро пайда табады екен. Аталған кәсіп Шымкентте дамитын болса, бізге де мол табысқа кенелуге мол мүмкіндік туады.