Шымкентте интернетпен қамту жұмыстары инвестициялық жоба негізінде жүзеге асырылып жатыр

0
609

Қазірдің өзінде қажетті 10 жер телімінің құжаты рәсімделіп, антенна-мачталық құрылғылары қойылды.


Шымкентте интернетпен қамту жұмыстары инвестициялық жоба негізінде жүзеге асырылып жатыр

Шымкентте биыл 15 шығанауданды сапалы интернетпен қамту үшін мобилді операторлардың базалық станциясын орнату жұмысы жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазірдің өзінде қажетті 10 жер телімінің құжаты рәсімделіп, антенна-мачталық құрылғылары қойылды. Ендігі кезекте электр қуатын жалғау жұмыстары атқарылып жатыр. Ал, қалған 5 елді мекендегі жер телімінің құжатын рәсімдеу үрдісі аяқталуға таяп қалды.
Жыл соңына дейін көзделген барлық базалық станция қолданысқа берілсе, Асар, Мәртөбе, Бадам, Ақниет, Тұран, Азат, Ынтымақ-2, Игілік, Шапағат, Достық (автоцон), Ақжар, Достық, Ақтас, Ақжайық және Самал-3 шағынаудандарындағы 71 мыңға жуық халық сапалы интернеттің игілігін көрмек.
Шаһарда тұрғындарды оптика желісімен қамту ісі де қарқын алған. Биыл 12 елді мекенге оптика желісін тарту жұмысы жоспарланып, қазірдің өзінде 8 елді мекен толықтай талшықты желіге қосылып отыр. Олар Забадам, Солтүстік-Батыс, Самал-3, Құрсай, Қазығұрт және Қарабастау, Ақниет, Қайтпас-1 шағынаудандары.
Ал, Еламан, Қызылжар, Асар-2, және Қайнарбұлақ саяжайына талшықты желі тарту жұмысы жыл соңына дейін жүргізіледі. Нәтижесінде 165 мыңға жуық тұрғын сапалы интернетпен қамтылса, жалпы қала бойынша оптикалық желінің көрсеткіші 75 пайызға жетеді. Айта кетсек, сапалы интернетпен қамту жұмыстары инвестициялық жоба негізінде жүзеге асырылып жатыр