Шымкентте инватаксимен "таксовать" етіп жүр

0
1 386

Мүгедеке баланың анасы Шымкентте "инвотаксиді" шақырса, уақытында келмейтінін айтып шағымданды.


Шымкентте инватаксимен

иллюстрияциялық сурет: Saby.kz

Шымкенттік Қарлығаш Сапарбаева, қала әкіміне «инватаксилердің» шаһарда жолаушы тасып жүргенін айтып шағымданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мүгедек ұлының жалғыз қамқоршысы Қарлығаш Сапарбаева, мүмкіндігі шектеулі жандарды тасмалдайтын "инватаксидің" мемлекет тарапынан бөлінгенімен, олардың жұмысына бақылаудың төмен екендігін айтып шағымданды.

" Мүгедек баламның тісі ауырған соң инватаксиге азанда звондағам, онда маған екі күн бұрын кезекке жазылу керектігін айтты. Мен де ондай мүмкіндік жоқ. Баламның тісі қай уақытта аурып қалатынын білмеймін ғой. Одан кейін кеше екі күн бұрын инватакси таксовать етіп «Бекжан» базарда адам түсіріп жатқандығын көрдім",- дейді ол.

Өз кезегінде қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, "айтылған мәселені қарастырайық",- деп өз орынбасарына тапсырма берді.