Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
Шымкенттік полицейлер қала көшелерінің бірінде Opel Astra автокөлігіне байланған итті сүйреп бара жатқан тұрғынды анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ҚПД Жедел басқару орталығының инспекторлары “Қорғау” қосымшасының көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
Деректер Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына жолданды.
“Ер адамның сөзінше, ол көшіп жатқан. Автокөліктің салонында итке орын болмағандықтан, оны көлікке байлауды ұйғарған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі”, - делінген жазбада.
Ер адаммен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.