Шымкентте карантин 22 ақпанға дейін ұзартылды

0
2 540

Жаңа қаулы 8 ақпан сағат 00:00-ден бастап өз күшіне енеді.


Шымкентте карантин 22 ақпанға дейін ұзартылды

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері карантинді ұзарту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


- Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 8 ақпан сағат 00:00 - ден 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын, - делінген қаулыда.

Жаңа қаулыға сәйкес:
- Адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шаралар өткізуге тыйым салынады (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, ұзату, құдалық, той, беташар және басқалар).
- Жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен кемінде 50% кеңсе қызметкерлерін (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмысқа ауыстыру міндеттелді.
- Базарлардың жұмыс уақыты сағат 06.00-ден кешкі 19:00-ге дейін шектеледі;
- Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23:00-ге дейін бекітілді;
- Спорттық нысандар (жаттығу залдары, фитнес-клубтар, Мұз сарайы) 9.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
- Қоғамдық көліктердің жұмысы демалыс және мереке күндері 7.00-ден 21.00-ге дейін қысқарды.


Жаңа қаулы 8 ақпан сағат 00:00-ден бастап өз күшіне енеді.