Шымкентте карантин 25 қаңтарға дейін ұзартылды

0
2 292

Қоғамдық көліктердің жұмысы демалыс және мереке күндері 7.00-ден 23.00-ге дейін ұзартылды.


Шымкентте карантин 25 қаңтарға дейін ұзартылды

Шымкентте карантин 25 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

- Шымкент қаласының аумағында карантиндік және шектеу іс-шаралары 2021 жылдың 11 қаңтарынан сағат 00:00-ден 25 қаңтар сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын, делінген бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысында.

Құжатта адамдар көп жиналатын кез келген іс шараны өткізуге тыйым салынған (ас беру, туған күн, құдалық, той, беташар және басқа).

65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектелген.

Қоғамдық орынға, адам көп жиналатын объектілерге барғанда, қоғамдық көлікке кірген кезде бетперде кию, антисептикті пайдалану талабы қатаң сақталады.

Кафелер мен мейрамханалар 7.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Жұмыс беруші жұмыс уақытын барынша қысқартып, кеңсе қызметкерінің 50 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіреді.

Азық-түлік базары, азық-түлік емес базарлар (мамандандырылған, киім-кешек, мал және көлік базары), жәрмеңке қызметі, сыйымдылығы 30% аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метр арақашықтықты сақтаумен жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін уақыты шектеледі, жабық емес базарлар қалыпты жағдайда жұмыс істейді.

Спорттық нысандар (жаттығу залдары, фитнес-клубтар, Мұз сарайы) 9.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қоғамдық көліктердің жұмысы демалыс және мереке күндері 7.00-ден 23.00-ге дейін ұзартылды.