Шымкентте карантин тағы ұзартылды

0
653

Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың жаңа қаулысында айтылды.


Шымкентте карантин тағы ұзартылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте карантиндік шектеу шаралары ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың жаңа қаулысында айтылды.

"Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 28 маусымынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", - деп бекітілген құжатта.

Жаңа қаулыға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар және басқа кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Қоғамдық орындарда бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Сонымен қатар, 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеліп, маскалық режим сақтау міндетеледі.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмыс кестесі қысқартылды. Кафелер мен мейрамханалар қонақтарды таңғы сағат 7-ден түн ортасына дейін, Ashyq жобасының қатысушылары - түнгі 2-ге дейін қабылдайды. Театрлар, кинотеатрлар, концерттік залдар, филармонияларда залдағы адам саны 20%-дан, Ashyq қатысушылары үшін 40%-дан аспауы тиіс.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.