Шымкентте қазба жұмыстары барысында үңгірлер табылды

0
2 097

Цитадель Шымкенттегі басты туристік орындардың бірі болмақ.


Шымкентте қазба жұмыстары барысында үңгірлер табылды

Шымкент қаласындағы қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан ескі қалашықтан үңгірлер табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әдеттегідей, сенбі күні шаһар басшысы Ерлан Қуанышұлы қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ескі қалашықтағы Цитадельге барды. Ал ондағы археологтар әкімге аталған аумақтан үңгірлер табылғанын айтқан.

Атап айтсақ, мұнда археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде XVIII-XIX ғасырларға тиісті құнды деректер табылып жатыр.Тиісінше, қалашықтан табылған жәдігерлер аспан асты мұражайына орналастырылады.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Ерлан Айтаханов жауапты тұлғаларға жұмысты қарқынды түрде жүргізіп, өз уақытында аяқтау керегін айтты.

Айта кетейік, қайырымды қалада бой көтергелі тұрған Цитадель шаһардағы басты туристік орындардың бірі болмақ.