Шымкентте халық санағы бойынша қызмет көрсететін бұрыштар ашылып жатыр

0
352

Ұлттық Халық санағы 1-30 қыркүйек аралығында онлайн форматта, 1-30 қазан аралығында дәстүрлі түрде өткізіледі.


Шымкентте халық санағы бойынша қызмет көрсететін бұрыштар ашылып жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында халық санағы бойынша қызмет көрсететін бұрыштар ашылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Әл-Фараби ауданы аумағында қалалық Статистика департаменті мамандарымен бірлесе есептік және нұсқаушылық учаскелерге бөлу жұмыстары жүзеге асырылуда.
Осы жылы болатын халық санағы алдыңғы өткізілген халық санағынан айырмашылығы ақпараттық технологияға басымдық беріліп, тұрғындарға қолайлы ғаламтор желісі арқылы өткізілуінде болып отыр. Осы себепті ауданда адам көп шоғырланатын 10 нүкте қарастырылып, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Онда санақшылар тұрғындарға халық санағы жайлы толық ақпарат беріп, азаматтарға арнайы сілтеме арқылы санаққа онлайн қатысудың тәсілдерін түсіндіретін болады.
Одан бөлек Шымкент қаласында санаққа қатысты ақпарат беретін 40 билбордтар ілінсе, оның 25-і Әл-Фараби ауданы аумағына орналастырылған.
Айта кетейік, Ұлттық Халық санағы 1-30 қыркүйек аралығында онлайн форматта, 1-30 қазан аралығында дәстүрлі түрде өткізіледі.