​Шымкентте кісі өліміне қатысы бар екі күдікті ұсталды

0
785

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімімен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


​Шымкентте кісі өліміне қатысы бар екі күдікті ұсталды

Шымкент қаласында кісі өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айбергенов көшесі мен Республика даңғылының қиылысында орналасқан “Сити” кафесінің жанында орын алған азаматтың өлімі бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімімен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдіктілерге қатысты “қамауға алу” бұлтартпау шарасы қабылданды.