Шымкентте қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы тексерілді

0
441

Қаладағы қоғамдық көлік қызметінің сапасын бақылау одан әрі тұрақты жүргізілмек.


Шымкентте қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы тексерілді

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығы және Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары қоғамдық көлік қызметінің сапасына бақылау жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ондағы мақсат – қаладағы жолаушылар тасымалдау қызметі жұмысының деңгейін анықтау және қоғамдық көліктердегі бағыттардың қала тұрғындарына қызмет көрсету сапасын тексеру.
Кезекті іс-шара барысында Таскен елді мекенінде қызмет көрсететін №15 автобустың жұмысы бақылауға алынды. Осы уақытқа дейін аталған бағыт 6 кестемен, яғни 20 минуттық аралық жиілікпен қызмет көрсеткен болатын. Халықтың өтініші бойынша 12 шілдеден бастап 7 кестеге ұлғайтылып, аралық жиілігі 15 минутты құрайтын болады.
«Санжар моторс» тасымалдаушы мекемесіне қарасты № 65 бағытты тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, тасымалдаушы мекеме басшысына ескерту жасалды. «Т-Bus» тасымалдаушы мекемесіне қарасты №44 қоғамдық көлік тиісті деңгейде қызмет көрсетіп жатқандығы белгілі болды.
Жалпы қаладағы қоғамдық көлік қызметінің сапасын бақылау одан әрі тұрақты жүргізілмек.