Шымкентте тарихи - мәдени кешені ашылады

0
2 573

Негізгі міндеті - ҚР тарихи-мәдени мұраларын насихаттау және тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым, техника, эстетикалық мәні бар басқа да объектілерді сақтап, көпшілікке ұсыну болып табылады.


Шымкентте тарихи - мәдени кешені ашылады

Шымкент қаласында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Көне қамал» тарихи - мәдени мемлекеттік кәсіпорны жаңадан құрылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Негізгі міндеті - ҚР тарихи-мәдени мұраларын насихаттау және тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым, техника, эстетикалық мәні бар басқа да объектілерді сақтап, көпшілікке ұсыну болып табылады.
Құрылтайшысы - Шымкент қаласының әкімдігі. Кәсіпорын мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай қызметтің түрлерін жүзеге асырады:
- мұражайлық заттарды анықтап, деректерді жинайды. Сондай-ақ оларды оқып білуге, жария етуге бағытталған экспедиция, археологиялық дала зерттеулерін ұйымдастырады;
- арнайы жабдықталған жайларда мұражай топтамаларын толықтырады, қорларды жинақтайды, есеп жүргізеді;
- мұражайлық, кітапханалық қорларда және мұрағаттарда бар өлке тарихымен байланысты материалдарды зерделейді;
- мұражайдың ғылыми мұрағатын қалыптастырады және ғылыми кітапхананы әдебиеттермен, ғылыми-әдістемелік басылымдармен жинақтайды;
- экспозицияларды және көрмелерді алады;
- шаруашылық қызметтi жүзеге асыру арқылы кiрiстер табады.