Шымкентте көпбалалы аналар саны артып келеді

0
1 157

Қаратау ауданында 1 064 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері атанған аналар тұрады.


Шымкентте көпбалалы аналар саны артып келеді

Шымкент қаласы Қаратау ауданында 1 064 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері атанған аналар тұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олардың ішінде 193 ана - «Алтын алқа» иегері, 871 ана - «Күміс алқа» алқасымен наградталған.

Бұл «Алтын алқа» және «Күміс алқа» 1993 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген. Көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар туралы Заңымен реттеледі.
Заң бойынша «Алтын алқа» ордені жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп отырған аналарға, ал «Күміс алқа» ордені заңда белгіленген тәртіппен алты бала туған немесе асырап алған аналарға тапсырылады. Награда азаматтарға кіші баласы бір жасқа толғанда және басқа балалары тірі болғанда беріледі.
Айта кетейік «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларын беру кезінде елдің мүдделерін қорғау немесе өзге де қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен, дүлей зілзала кезінде адам өмірі мен материалдық құндылықтарды құтқару, қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі азаматтық борышын орындау кезінде қаза тапқан, сондай-ақ жаралану, мертігу немесе ауру салдарынан осындай оқиғалар кезінде қайтыс болған аналардың балалары да ескеріледі.