Тағы көпқабатты 4 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Шымкентте жыл басынан бері 32 көпқабатты тұрғын үйдің 11-де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалған ғимараттар ағымдағы жөндеуден өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Құрылыс кезінде үйлердің шатыры жөнделіп, жертөледегі кәріз жүйелері жаңартылды, әрлеу-сырлау жұмыстары атқарылды.
Бұдан бөлек жыл соңына дейін 16 көппәтерлі тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын меншік иелерінің келісімімен қайтарымды негізде бюджеттік кредит есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда 11 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Ал 4 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда.