​Шымкентте көпқабатты үйлерді қысқы жылу жүйесіне қосу жалғасып жатыр

0
664

30 қазанға дейін ауданға қарасты көпқабатты үйлерге жылу беру толықтай беру аяқталмақ.


​Шымкентте көпқабатты үйлерді қысқы жылу жүйесіне қосу жалғасып жатыр

Шымкентте жылу беру маусымы 20 қазанда басталған болатын. Қазіргі кезде қаланың барлық көпқабатты тұрғын үйлерін жылу жүйелеріне қосу жұмыстары жүргізіліп, толықтай қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Абай ауданында жалпы 419 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 350 үйге жылу толықтай берілген. Қалған 69 көпқабатты тұрғын үйлерді жыл жүйелеріне қосу жұмыстары жүргізілуде. Жылу берілмеген үйлердің ішінде Гагарин, Пошанова, Байтіленов, Асқаров, Нұрпейісова, Темірлан тас жолы көшелеріндегі үйлер бар. Қазіргі таңда «Қуатжылу орталық-3» мекемесінен 12 адамнан тұратын 3 бригада жұмыс атқаруда.

30 қазанға дейін ауданға қарасты көпқабатты үйлерге жылу беру толықтай беру аяқталмақ.

Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна, бүгінгі күнге дейін қалаға 114,0 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 25 мың тонна көмір қоры бар. Инфрақұрылым жүйелерінің дайындығы 90 пайызды құрап отыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы 3 нысанның құрылыс жұмыстары басталған. Оның 2 нысаны аяқталып, 1 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 38,2%-дан 37,3%-ға төмендеді.

2022-2025 жылдары жылу жүйелерін, дербес қазандықтар мен сорғы стансаларының тозу деңгейін төмендету үшін қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, биыл:

- 8,4 км жылу жүйелерін қайта құру,

- 23,7 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу

- 2 сорғы стансаны қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37,3%-дан 35,1%-ға төмендейді.

2023 жылы - 32,2 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу, 3 сорғы стансасын және 3 дербес қазандықты қайта құру жұмыстары.

2024 жылы - 3,2 км жылу жүйелерін қайта құру, 40,3 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу және 1 қазандықты қайта құру жұмыстары.

2025 жылы - 40,3 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу, 30,2 км ішкі орамдық жылу жүйелерін қымтау (изоляция) және 2 дербес қазандықты қайта құру жұмыстарын жүргізу қаралған.