Инфекцияға шалдыққан науқастың қазіргі жағдайы жақсы.
Анадан балаға инфекция берілмес үшін қалалық перзентханадағы білікті мамандардан құралған дәрігерлік топ 5 қараша күні жүкті әйелді жұқпалы аурулар ауруханасының базасында кесір тілігі арқылы босандырып алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
1986 жылғы әйел салмағы үш жарым келіден асатын дені сау сәбиді дүниге әкелді дейді дәрігерлер. Дені сау болып туылған нәрестесі - қыз. Жүкті әйелге ота жасаған білікті медицина мамандар тобы: хирург Серик Ерлан, акушер-гинеколог Махашова Анар, дәрігер анестезиолог-реаниматолог Ташмухамедов Кабылжан, мед аға анестезиолог Рустамов Бахрам, дәрігер неонатолог Алшинбаева Гульнара, балалар медбикесі Самбетова Шолпан, операция бөлімінің қызметкерлері Муналова Гулима, Айнакулова Гүлнұр.
Айта кетейік, жүкті әйелден дәрігерлер коронавирус инфекциясын жоспарлы отадан алдын тексеруден анықтаған. Дәрігерлердің сөзінше, инфекцияға шалдыққан науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Азаматша жеті күндей аурухана ем қабылдайды. Ал дені сау болып туылған шақалақ анасы ауруханадан шыққанша, қалалық перинаталдық орталықтағы балалар дәрігерінің қарауында болады.