Шымкентте коронавирусқа қарсы 9 сұйық оттегі резервуары орнатылып жатыр

0
985

Шымкентте коронавирусты анықтауға апта сайын 10 мыңнан астам адам тест тапсырады.


Шымкентте коронавирусқа қарсы 9 сұйық оттегі резервуары орнатылып жатыр

Шымкентте коронавирусқа қарсы 9 сұйық оттегі резервуары орнатылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді.
- Денсаулық саласындағы үлкен сынақ – коронавируспен күрес. Шымкентте апта сайын 10 мыңнан астам адам тест тапсырады. Жұқтырған адам анықталса, СЭҚ мамандары онымен байланыста болған адамдарды нақтылап, оларды карантинге алады. Соңғы айларда мемлекет коронавируспен күреске біршама дайындалды. Қалада өкпені жасанды желдеткіштің саны 310-нан 612-ге жетті. ПТР тапсыратын 4 зертхана болатын, қазір күніне 3 350 тест қабылдайтын 9 зертхана бар. Үш оттегі станциясы орнатылды, 9 сұйық оттегі резервуары орнатылуда. Біршама құрал-жабдықтар алынды, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Айта кетсек, Шымкентте дәрі-дәрмектерге арналған тұрақтандыру қоры құрылды. 659 млн. теңге қаралып, коронавирусқа арналған дәрі-дәрмек қоры жасақталып жатыр. Егер кейбір дәрі-дәрмек түрлері тапшы болса, нарыққа шығарылмақ.