Шымкентте коронавирусқа қарсы шараларға 1,2 млрд теңге қаржы бөлінген

0
836

Бұл туралы Мұрат Әйтенов мәлімдеді.


Шымкентте коронавирусқа қарсы шараларға 1,2 млрд теңге қаржы бөлінген

Шымкентте коронавирусқа қарсы шараларға 1,2 млрд теңге қаржы бөлінген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 501 млн. теңге бөлінген.

Сондай-ақ, 5,8 млрд теңгеге қалада жаңадан 200 орындық жұқпалы ауруларға арналған госпиталь құрылысы жүргізілуде.