​Шымкентте коронавирустан жазылып шыққандардың саны 222-ге жетті

0
695

Оның ішінде 17-сі 45-жасқа дейінгі азаматтар.


​Шымкентте коронавирустан жазылып шыққандардың саны 222-ге жетті

Шымкентте коронавирустан жазылып шыққандардың саны 222-ге жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Соңғы бес тәуліктің ішінде қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан 22 науқас коронавирус инфекциясын жазылып, үйлеріне шығарылған. Оның ішінде 17-сі 45-жасқа дейінгі азаматтар болса, қалған бесеуі 50 жастан асқан егде жастағы науқастар.

Коронавирус инфекциясынан ауруханадан жазылып шыққандар екі аптаға жуық жергілікті емханасы бойынша дәрігерлердің бақылауында болады.

Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасынан 222 азамат коронавирус инфекциясынан жазылып, ауруханадан шығарылды.