Инфекциялық стационарды жабдықпен қамтамасыз ету үшін 502 млн. теңгеге, 21 аппарат сатып алынды.
Шымкент қаласында инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты қала әкімінің тапсырмасымен бүгінге дейін 650 жұқпалы және 1240 провизорлы төсек орын ашылған. Бұдан бөлек, тағы 1500 төсек-орын дайындалуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Инфекциялық стационарды жабдықпен қамтамасыз ету үшін 502 млн. теңгеге, 21 аппарат сатып алынды, қосымша тағы 40 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) жеткізіледі.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы тұмау мен суық тию белгілері байқалса шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет екенін ескертеді. Қосымша сұрақтар бойынша 39-33-47 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.