Карате спортынан кезекті жарыс басталды.
Шымкенттегі Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектеп-интернат колледжінде қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай «Қазақстан – спорттық ұлт» тармағын орындау мақсатында қазақ күресінен облыс чемпионатты ұйымдастырылды. Оған облыстың барлық өңірінен 21 команда, 200-ге тарта жас спортшы қатысты. Олар 10 салмақ дәрежесінде белдесіп, өзара мықтыны анықтады.
Cондай-ақ, карате спортынан кезекті Түркістан облысының чемпионатына іріктеуге арналған жарыс басталды. Жас ерекшеліктері бойынша 12 және 13 жас пен 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер татами төрінде жекпе-жек өткізуде. Сонымен бірге, 16-17 жастағы еліміздің балуандары да өзара күш сынасуда.
Жарыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені Бекзат Саттарханов атындағы мектеп-интернат колледжіннің сайыпқырандары иеленді. Ал, күміс жүлдені Түркістан облысының №1 олимпиадалық спорт мектебінің командасы еншіледі. Сайрам ауданынан келген Қарасу спорт клубының жастары Қола жүлдені олжалады. Іріктеуден өткен жеткіншектер облыс чемпионатында бақтарын сынайды.