Аталған көрмеге 440 туындысы қойылған. Басым көпшілігі ұлттық құндылықтарға арқау болған туындылар.
Бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен суретші Биболат Рабатовтың 70 жылыдық мерейтойына орай «Биболаттың оюлары» атты жеке шығармашылық көрмес өтуде, деп хабаралайды ERNUR.KZ тілшісі
Қазақы нақыштағы ою-өрнектерді шығармашылығына арқау етіп, өзіндік стиль қалыптастырыған өнер иесі жетпісті алқымдаса да қаламын тастамаған.
Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өтіп жатқан жеке шығармашылық көрмесіне 440 туындысы қойылған. Көрменің негізгі мақсаты көрермендердің бейнелеу өнеріне деген ынтасын арттырып, суретшілердің, өнер иелерінің халыққа деген жақындығын арттыру.
Суретші өнер әлеміне графикалық туындыларымен танылған. Өнер әлемінде қазақ даласы мен дәстүрін, тыныс-тіршілігін бейнелеген.
Рабатов, қазақпен біте қайнасып кеткен «ҚОШҚАРМҮЙІЗ», «ҚОСАЛҚА», «АЛАША», «БОТАКӨЗ» сынды туындылардың авторы. Осы кезге дейін 5 мыңнан астам ою түрлерін бейнелген. Тіпті, оюшы-суретшінің осы бағыттағы үш кітабы жарық көрген. Өзінің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде қазақ ою-өрнегі антологиясына айтарлықтай үлесін қосқан.