Шымкентте Қытай инвесторлары төрт жобаны іске асырып жатыр

0
673

Олардың ішінде ауқымдысы - Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы.


Шымкентте Қытай инвесторлары төрт жобаны іске асырып жатыр

Шымкентте Қытай инвесторлары 1,36 миллиард АҚШ долларын құрайтын төрт жобаны іске асыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Инвестиция жалпы, елдің экономикалық өсу қарқынын анықтай отырып, әлеуметтік-экономикалық салаларға, түптеп келгенде халықтың әл-ауқатының артып, тұрмысының көтерілуіне оң әсер етеді. Инвестицияның артуымен Шымкентте құрылыс, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ индустриясы, туризм және басқа да салалар қарқынды дамып келеді.
Еліміз көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, сауда-саттық, қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелер бойынша оңтайлы саясат жүргізіп келеді. Осы орайда елімізбен іргелес жатқан Қытай мемлекеті мен арадағы байланыстың маңызды екені анық көрінеді. Өйткені, әлемдік экономикадағы жетекші орынға ие бұл елмен орнатылған қарым-қатынас ерекше мәнге ие.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Шымкент еліміздің кәсіпкерлік және индустриалды орталығына айналып үлгерді. Қаламыз отандық, шетелдік бизнес өкілдерінің қызығушылығын арттыруда. Шымкент аумағында Қытай инвесторларының қатысуымен 1,36 миллиард АҚШ долларын құрайтын 4 жоба жүзеге асырырылуда. Олардың ішінде ауқымдысы - Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы. Бұл жобаның құны 1,3 миллиард АҚШ долларын құрайды. 2018 жылы пайдалануға берілген зауытта 380 адам адам жұмыс істейді.
Ал бекіткіш бұйымдар өндірісімен айналысатын «Шымкент крепеж» жобасының құны 3 миллион АҚШ долларды құрайды. 2018 жылы іске қосылған зауытта қазір 40 адам жұмыс істейді.
Айта кетейік, Шымкент қаласына биылғы жылдың 4 айында 134,2 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бүгінде климаты жағымды, географиялық орналасуы оңтайлы, еңбекқор халқы бар Шымкент инвесторлар үшін өте қолайлы қалаға айналып отыр. Инвестақуалды жақсарту мақсатында атқарылып жатқан кешенді шаралар да шетелдік бизнес өкілдерінің республикадағы үшінші қалаға қызығушылығын арттыруда.