Шымкентте «Қызғалдақ жолы» фестивалі өтті

0
2 590

Арбат жолымен саудагерлер мен қолөнершілердің ежелгі керуені жүрді.


Шымкентте «Қызғалдақ жолы» фестивалі өтті

Үшінші мегаполисте «Қызғалдақ жолы» халықаралық фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ..

Арбат демалыс аймағы қаланың символы болған қызғалдақпен көмкерілді. Флористер дайындаған шоқгүлдер Арбаттың көркін ашып, фотокөрме, балғындардың қылқаламынан туындаған суреттер галлереясы ұйымдастырылды. Арбат жолымен саудагерлер мен қолөнершілердің ежелгі керуені жүріп өтті.


Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов мегаполис тұрғындары мен қонақтарын құттықтады.

"Қызғалдақ фестивалі қаламызда халықаралық деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Қызғалдақтың отаны – еліміздің Оңтүстігі екенін мақтаныш етеміз. Сондықтан, осынау әсем гүлді брендімізге айналдырып, әлем қызғалдақ арқылы Шымқаланы танып-білсе деген мақсатпен фестивальді ұйымдастырдық", - деді қала әкімі.

Фестиваль аясында шеберлер қаласы ұйымдастырылды. Ерекше қалада балалар өздері қызығып жүрген өрт сөндіруші, полиция, дәрігерлер секілді маман иелерімен жүздесіп, жұмыстарымен танысты.

Аталған фестиваль кешке дейін жалғасты. Флористер шеберлік сабақ өткізіп, сән көрсету, лотерея ойыны ұйымдастырылып, соңы эстрада жұлдыздардың концерттік бағдарламасына ұласты.