Шымкентте магистралды жолды қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда

0
386

Құрылыс жұмыстары 31 шақырымды құрайтын 8 кезеңнен тұрады.


Шымкентте магистралды жолды қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда

Ташкент–Алматы бағытында Шымкент қаласын айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құрылыс жұмыстары 31 шақырымды құрайтын 8 кезеңнен тұрады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 7-кезеңі жүргізіліп жатқан жол құрылысының жұмыс барысын тексерді. Бұл кезең қала шекарасынан Бәйдібек би даңғылы қиылысына дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы – 7,5 шақырым.
Бүгінде нысанда жер төсемін дайындау және ауыл шаруашылығына арналған арнайы көпір салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған кезеңнің жұмысы 20 пайыз атқарылды.
Жоспарға сәйкес келесі жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, заманауи талаптарға сай көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары болады.
Қала басшысы жауаптыларға құрылыс жұмыстарының сапасына аса мән беруді тапсырды.