Тоқыма бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар 21613,7 млн. теңгенің өнімін өндірген.
Шымкентте 2019 жылы тамақ өнімдерін өндіру көлемі 82959,3 млн. теңгені құрап 93,2%- ға жеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тамақ өнімдері, атап айтқанда:
- тазартылған мақта майы және оның фракцияларында 52,8%;
- жаңа піскен нан өндірісінде 36,2% өсім байқалады.
Тоқыма бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар 21613,7 млн. теңгенің өнімін өндіріп , алдыңғы жылмен салыстырғанда нақты көлемі – 17,9%. Сонымен қатар қала аумағында төсек жаймаларға сұраныс 51,9 пайызға артқан .