Шымкентте мал шаруашылығы дамып келеді

0
3 387

12 га аумақтағы шаруашылықта қазіргі таңда 306 бас ірі қара мал және 16 бас жылқы бар.


Шымкентте мал шаруашылығы дамып келеді

Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Сәуле» шағынауданы 276 орамдағы жеке кәсіпкер Серғазы Латиповтың мал шаруашылығы кәсібімен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

12 га аумақтағы шаруашылықта қазіргі таңда 306 бас ірі қара мал және 16 бас жылқы бар.


Өндіріс көлемі артып келеді. Айына 4500 литр сүт пен 10 бас ірі қара малдан 4500 тонна ет алады. 8 адам жұмыспен қамтылған.

Шаруашылық жүргізу барысындағы проблемалық мәселелердің бірі – су тапшылығы, мал ауруларының алдын алу және мемлекеттен қолдау іс-шаралары.

Қала әкімі мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, өндірісті одан әрі кеңейтуге назар аударды. Яғни, жеке кәсіпкерге жер асты құдығын қазуға, мемлекеттік қолдау алу үшін жер құжаттарын рәсімдеуге қолдау көрсетіледі және арнайы мал дәрігерімен қамтамасыз етіледі.

Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында айына 9000 литр сүт пен 30 бас қара малдан 13 500 тонна ет өндіру жоспарлауда.