Шымкентте мамандарға арналған 1000-ға жуық арендалық үй салынуы мүмкін

0
1 040

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жастармен кездесті.


Шымкентте мамандарға арналған 1000-ға жуық арендалық үй салынуы мүмкін

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері М.Әуезов атындағы университетінде жастармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Әбдіқалықова жастармен өткен кездесуде Елбасының тапсырмаларын ескере отырып, жастар жылы аясында әзірленген "Жол картасының" басым бағыттарын баяндады. "Жол картасы" аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жыл сайын мамандарға арналған 1000-ға жуық арендалық тұрғынүй тұрғызу жоспарлануда.

Сондай-ақ, жастарды еңбекпен қамту мақсатында «Жас кәсіпкер» бағдарламасын аясында 3 жылдың ішінде 60 мың жас азаматты кәсіпкерлік негізге үйретуге 15 мың микрокредитті беруді көздеп отыр. Сонымен қатар, «Жас маман» бағдарламасы да әзірленуде. Оған сұранысқа ие 100 индустриалды және сервистік кәсіпкер бойынша мамандарды өңірлердегі 20 алдыңғы қатарлы университеттерге дайындайтын болады.

Ал, ғылым саласында қолданбалы зерттеулерге қатысты грантты қаржыландыру жылына 3 млрд. теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр.