Шымкентте мектеп оқушыларының қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылды

0
737

Кездесу барысында қатысушы қыздарға ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Шымкентте мектеп оқушыларының қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылды

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында мектеп оқушыларының қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесудің мақсаты - қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау. Қыз балалардың тәрбие үдерісінде психологиялық заңдылықтарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, қыздардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалдарын дамыту.

Кездесу барысында қатысушы қыздарға ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түрлі әдістемелік ойындар ойнатылды.

Айта кетейік, Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Политехникалық колледжінде «Отбасың — алтын діңгегің» атты жастар арасында кездесу өтті. Аталған кездесуге Әл-Фараби аудандық аналар кеңесінің төрайымы Тұрсынай Барлыбаева мен аналар тобының мүшелері Салима Бейсебаева, Разия Құлымбетова, Ләззат Сейдазимова, Райхан Нарымбаева, Жастар ресурстық орталығының психология бөлімінің басшысы Айгүл Шымтөреева және колледж студенттері қатысты.

Кездесуді ерекше форматта ұйымдастырдық. Ақ жаулықты аналар ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді, отбасы құндылығын, отбасындағы еркек пен әйелдің рөлін сахналық көрсетілімдермен ұғындырды. Қазіргі таңда жас отбасылар арасында ажырасу жағдайы жиі кездеседі. Бұл мәселені шешу үшін әрбір отбасындағы ерлі-зайыптылар бір-біріне түсіністікпен қарап, бір-бірін сыйлай білу керек. Бүгінде отбасындағы ер адамға қарағанда әйелдің рөлі басымырақ. Қандай жағдай болмасын, қай кезде де еркек адам әйелден бір саты жоғары тұрады. Сол кезде отбасында ата-ана, балалары да әрқашан тату-тәтті өмір сүреді. Жастармен бірлесе дайындаған сахналық көріністе осы ойлардың бәрі айтылады. Мұның өзі жастарға ой салып, тәлім-тәрбие береді деген ойдамын, - деді Айгүл Шымтөреева.

Шымкент қаласында мұндай бағыттағы кездесулер аға буынның қатысуымен тұрақты түрде өтіп келеді.