​Шымкентте «Мектеп жастар лигасы» жасақталды

0
1 313

Ашылу салтанатына жиналған белсенді оқушылар лига қатарына тіркелді.


​Шымкентте «Мектеп жастар лигасы» жасақталды

Шымкентте мектеп көшбасшыларын бір арнаға біріктіретін «МЕКТЕП ЖАСТАР ЛИГАСЫ» құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Лиганың негізгі мақсаты - оқушылардың түрлі салаларда дамуын қамтамасыз ету, мектеп жасындағы өзін-өзі басқару ұйымдары көшбасшыларының басын бір ортаға жұмылдыру. Сондай-ақ оқушылардың мәдениетін дамытуға, спортқа деген ұмтылысын арттыруға, білімін жетелеуге, бос уақытын дұрыс пайдалануға бағытталған заң аясында іс-шараларды ұйымдастыру басты назарда тұр. Мектеп жастар лигасының мүшелері өз ұсыныстары мен ұйымдастыратын шараларын қалалық Жастар Ресурстық орталығына бағыттайды. Ашылу салтанатына жиналған белсенді оқушылар лига қатарына тіркеліп, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруге тырысатындарын айтып тарқасты.